Павлодар облысында сәуірдің 18-інде аң аулау науқаны басталады

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында сәуірдің 18-інен көктемгі құс аулау маусымы басталып, екі аптаға созылады,

Павлодар  облысында  сәуірдің 18-інде  аң аулау науқаны басталады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Павлодар облысының аңшылық шаруашылықтарында көктемгі маусымда 3,2 мың ата үйректі және 150 құр құстарын атуға рұқсат етіледі, бұл рұқсат етілген жылдық лимиттің бес пайызы. Құстарды тек рұқсат етілген аумақтарда ғана атып алуға болады. Аңшыларда мылтықпен қоса, аң аулауға берілген жолдама болуы керек. Аң аулауға Баянауыл ұлттық саябағында, Ертіс өзенінің алабында, «Ертіс орманы» табиғи резерватында тыйым салынған. Заңсыз құс аулаған браконьерлерге қомақты айыппұл салынады.