Павлодар облысында тордағы аю қоршаған ортаның құқық бұзу нысанына айналды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Успен ауданының прокурорлары қоршаған ортаны қорғауға қатысты құқық бұзушылықты анықтады,
None
None

деп хабарлайды Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Жеке кәсіпкер өзінің шаруашылығында Сонька атты лақап есімі бар сұр аюды ұстап келген. Төрт жыл бұрын ол кішкентай аюдың баласын Шығыс Қазақстан облысына бара жатқандағы жолдың бетінен тауып алады. Аюдың қонжығын өзімен бірге ала кеткен кәсіпкер оны өлімнен құтқарғанымен, сәйкес мемлекеттік органдарға хабар бермеген.

Аудан прокуратурасы оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. Қазіргі таңда аюдың болашағы қалай болатыны талқыланып жатыр, әрине, оны хайуанаттар бағына тапсыратыны анық.

Соңғы жаңалықтар