Павлодар облысында төрт ай ішінде балық аулау ережесін бұзған 140 адам ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 10 мамырдан бастап 20 маусымға дейінгі кезеңде балық аулауға тыйым салынған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тыйымға қарамастан, заңсыз балық аулауға құмартушылар баршылық.

- Ақсу қалалық табиғатты қорғау полициясы тобы балық аулауға тыйым салынған кезеңде «Ертіс» өзенінің жайылмасында, Сарышығанақ ауылының маңында Қытайда жасалған ауларды орнату кезінде 59 жастағы облыс тұрғынын ұстады, деп хабарлады полицейлер. - Полицейлер үстерінен түскендіктен пиғылдарын жүзеге асыра алмай қалды. Ер адам сонысымен тыйым салынған ау құралдарымен балық аулау ережелерін өрескел бұзған.

Полиция қызметкерлері жалпы ұзындығы 60 метр 2 дана ау алды. ҚР ӘҚБтК 383-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды. 2019 жылдың төрт айы ішінде ғана полиция қызметкерлері балық аулау ережесін бұзғаны үшін 140 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Соңғы жаңалықтар