Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар облысында «Тұрмыс» операциясы аяқталды

ПАВЛОДАР.   Қыркүйектің  23-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысының полицейлері   «Тұрмыс»  республикалық операциясын  аяқтады. 

Павлодар облысында  «Тұрмыс»  операциясы аяқталды

 Қыркүйектің 14-19-ы аралығында   өткізілген  шараның мақсаты -    отбасы-тұрмыстық   құқықбұзушылықтарды   дер  кезінде анықтау, жайсыз отбасыларда алдын алу  жұмыстарын    жүргізу,      қылмыстардың  жасалуына әсер етуші жағдайларды анықтау   болды.

 Профилактикалық есепте  тұрған 10 047 адам тексерілді. Олардың    ішінде 2 495 адам     тұрмыстық   жағдайда    құқықбұзушылықтарға жол  беретін  азаматтар  болса, 2 104 адам -    ішімдікке    үйір жандар.      Операция барысында   тағы 3 011 адам профилактикалық есепке алынды.

 Қоғамдық орындарда мас болып жүргені       және құқықбұзушылықтар жасағандары  үшін 2 150  адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.     115 маскүнемді мәжбүрлеп емдеу  туралы  материалдар  соттарға жіберілді.