Павлодар облысында жалданып істейтін жұмысшылардың саны 2,3 пайызға артты
ПАВЛОДАР. 29 шілде. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында Павлодар облысының кәсіпорындарында жалданып істейтін жұмысшылардың саны 198,3 мың адамды құрады,
бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегіден 2,3 пайызға көп, деп хабарлады статистика департаментінен.
Бір жұмысшының орташаға атаулы жалақысы - 67,7 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың қаңтар-мамыр айларындағы көрсеткіштен 13,6 пайызға жоғары. Жалақының ең жоғары өсуі -30-34 пайызға дейін қонақүй бизнесі мен тамақтандыру саласында, демалыс және ойын-сауық саласында тіркелген.
Ал аумақтық көрсеткіш бойынша, ең жоғары орташа жалақы Ақсу, Екібастұз, Павлодар қалаларында тіркеліп отыр, аталған қалалардағы орташа жалақы, сәйкесінше, 77,2 мың, 73 мың және 70,4 мың теңгені құрайды.