Павлодар облысында жаздың екі айында жасөспрімдер 60 қылмыс жасады
ПАВЛОДАР. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Жаздың екі айында Павлодар облысындағы жасөспірімдер 60 қылмыс жасады, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Оның 24-і өзгенің мүлкін ұрлау, 11-і - қарақшылық, 10-ы - автомобильдерді айдап әкету, 9-ы алаяқтық, ауыр дене жарақаттарын салудың екі фактісі, бір қарақшылық шабуыл, адам өміріне қастандық жасаудың бір фактісі болды.
Жасөспрімідер тобы автомобильдерді айдап әкетумен айналысқан, бұл ретте екі жасөспрім көліктерді жеті рет айдап әкеткен. Балалар шартты түрде жазаланған болатын, енді олардың түрмеге қамалуы күтілуде.
Төбелес кезінде оныншы сынып оқушысы таныс емес екі жігіттке пышақ салып, денсаулықтарына қасақана ауыр зиян келтірді. 13-15 жастағы мектепте оқитын үш қыз бала басқа қыздардың алтын әшекейлерін тартып әкеткен.
Алдын ала шаралар барысында полиция әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 1 300 кәмелеттік жасқа жетпеген жасөспірімді және балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін нашар атқаратын 1 200-ге жуық ата-ананы жауапкершілікке тартты.