08:59, 09 Тамыз 2012 | GMT +5
Павлодар облысында жел ауылдық Мәдениет үйлерінің шатырларын ұшырып кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысында болған екпінді желдің салдарынан ауылдық Мәдениет үйлерінің шатырлары ұшып кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Сәрсенбі, 8 тамыз күні Павлодар облысындағы екпінді жел Хмельницкое ауылындағы Мәдениет үйінің 50 шаршы метр аудандағы шатыры мен Ақжар ауылындағы мәдени ошақтың 340 шаршы метр аудандағы шатырларын ұшырды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп нақтылайды құтқарушылар.