Павлодар облысында жетім балалардың білім алуына арналып жинақтаушы салымдар ашылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында Баянауыл ауданында «Нұр Отан» партиясының мүшелері 7 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім жинақтаушы салымдарын ашты. Бұл туралы білім беру бөлімінің басшысы Ернұр Дәуенов хабарлады.

Павлодар облысында жетім балалардың білім алуына арналып жинақтаушы салымдар ашылды

Акция «Бақытты балалық» - «Счастливое детство» партиялық жобасының аясында өткізілген. Екінші деңгейлі банк есепшоттарындағы бастапқы жинақтаушы қаражат болашақта балаларға жоғары білім алуға мүмкіндік береді.

«Бүгінде біздің мемлекетіміздің басты стратегиялық ресурсы - өскелең ұрпақ болып табылады, Тәуелсіз Қазақстанның болашағы оның тәрбиесі мен біліміне тікелей байланысты. Сондықтан біз мұқтаж жас жерлестерге көмек беру мүмкіндігіне ие азаматтар елді дамыту болашағының іргетасын қалауға белсенді атсалысатынына үміттенеміз», - деп атап өтті Е.Дәуенов.