Павлодар облысындағы ауылдық округ әкімдері есеп беруді бастады
ПАВЛОДАР. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының ауылдары мен ауылдық округтерінде 10 қаңтардан бастап есеп беру науқаны басталды, ауыл әкімдері 173 округтің халқымен кездеспек.
Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде аймақ басшысы аппаратының жетекшісі Арслан Әбдіқалықов жария етті.
21 қаңтардан бастап есеп беру кездесулері қалалар мен аудандарда жалғасады. Ал облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев халықпен 16 ақпан күні кездесіп, есеп беруді жоспарлап отыр.