Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар облысындағы Лебяжі ауданының мектептерінде жөндеу жұмыстары аяқталуда

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Лебяжі ауданы мектептеріндегі ағымдағы жөндеу жұмыстарын 15 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда, деп хабарлады әкімдіктен.

Павлодар облысындағы Лебяжі ауданының мектептерінде жөндеу жұмыстары аяқталуда

Биыл оқу мекемелерін жаңартуға 12,3 млн. теңге, тағы 7 млн. күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінген.

Сатыбалдин атындағы және Майқарағай мектептерінде жылу қазандықтарын ауыстыру, Зороктябрь және Қазантай мектептеріндегі шағын орталықтарда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жаңа оқу жылында мектепалды даярлау топтары, бірінші, жетінші және сегізінші сыныптарға оқулықтар сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 8,3 млн. теңге қаражат бөлінген. 9124 дана кітап сатып алынды.