Павлодар облысындағы үш орманшылықта болған өрттер толығымен ауыздықталды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы үш орманшылықта болған өрттер толығымен ауыздықтады. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.
None
None

Қыркүйектің 10-ы таңертеңгілік жағдай бойынша Первомайский, Көкжал және Майқарағай орманшылықтарындағы өрттер толығымен жойылды. Өрттің қайта шығуын болдырмас үшін, төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған күштер, аталмыш учаскілерде қалдырылды.

ҚР ТЖМ-ның «Апатты медицина орталығы» ММ-ның қызметкерлері халыққа медициналық және психологиялық көмектер көрсетуде. «Ресей Федерациясымен шекаралас жерлердегі жалындар Ресейдің авиациясы мен өртке қарсы құрылымдарының бақылауына алынды», деп анықтады ТЖМ-нан.

Соңғы жаңалықтар