Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар облысының 16 мың тұрғыны тұмауға қарсы тегін егіледі

ПАВЛОДАР.  Қазанның   1-і.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Павлодар облысының 16 мыңға  жуық  тұрғыны     тұмауға  қарсы тегін   егіледі.

Павлодар  облысының 16 мың    тұрғыны тұмауға қарсы тегін  егіледі

Нидерландылық вакцинаны сатып алуға бюджеттен  33 миллионнан астам теңге  бөлінген.    Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық  қадағалау   қызметінен  хабарлағандай,  бірінші кезекте    балалар  үйлері мен интернаттардың  тәрбиеленушілері,    қарттар үйінің  тұрғындары,    созылмалы   аурулары  бар  жасы 65-тен  асқан  адамдар  және     медицина қызметкерлері вакцина қабылдайды. 

Инфекциядан қорғанғысы келетін кез-келген  адам     ақылы кабинеттерге  барып,  вакцина  қабылдай  алады.    Ауырып  ем іздегенше,  вакцина қабылдаған  арзанға түседі -    «Инфлювак» вакцинасының  дозасы   2 мың теңгенің шамасында   және  ол  маусымдық  ауруға қарсы  иммунитетті  қамтамасыз  етеді.