Павлодар облысының әкімдігі мен «Парасат» ұлттық холдингі Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ПАВЛОДАР. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің басқарма төрағасы Нұралы Бектұрғанов дүйсенбі,
None
None

17 қаңтарда Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

«Парасат» холдингі Павлодардағы Достық үйінде аймақ экономикасының түрлі салаларында жүзеге асырылуы қажеттігі туындап отырған 30-дан астам ғылыми-техниканы жобаның таныстырылымын өткізді. Ол жобалар - жаңа шағын және орта кәсіпорындар құруға және жұмыс істеп тұрған өндірістерді дамытуға бағытталған ғылыми ұйымдардың іргелі және қолбандалы зерттеулердің нәтижелері.

«Бүгінде зауыттар мен кәсіпкерлер инновациялық жобаларды енгізуге аса мүдделі. Ондай жобаларға сұраныс көп және оларды ғылыммен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырудың мүмкіндігі зор», - деп атап көрсетті облыс әкімі өз сөзінде.

Таныстырылымға Парламент Мәжілісінің вице-спикері Владимир Бобров пен Мәжіліс депутаты Мейрам Пшембаев қатысты.

Соңғы жаңалықтар