Павлодар облысының әкімі азаматтарды қабылдады

ПАВЛОДАР. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұма күні «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында азаматтарды қабылдады, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
None
None

Ұлы Отан соғысының қатысушысы Қайырден Суенов әкімнен көмек сұрады - қария жекеменшік үйіне ұзақ жылдар бойы су мен жылу тартуға талпынып келеді, бірақ барлық жерде оның тауанын қайтарып келген. Б.Сағынтаев Павлодар әкіміне жағдайдың мән-жайын тексеріп, шара қабылдауды міндеттеді.

Ал соғыс ардагері Мақсұт Масақбаевтың қызы әкімнен әкесіне пәтер бөлуге көмектесуді сұрады. Әкім мәселені жақын арада шешуге уәде берді.

Ақсу тұрғыны Николай Данилов үй салу үшін жер телімін алғанын, бірақ оған электр жарығын тарта алмай отырғанын айтып келді. Қабылдауға қатысқан Ақсу әкімі Оразгелді Қайыргелдиновтың айтуынша, қаланың ол ауданында инженерлік коммуникация жоқ. Б.Сағынтаев Николай Даниловқа үй құрылысы үшін жанынан электр жарығы тартылған басқа учаске беруді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар