Павлодар облысының әкімі ғасыр жасаған ананы құттықтады
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев жүз жасқа таяған Александра Чиркованы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Көпбалалы ананың үйіне арнайы келіп құттықтаған облыс әкімі Александра Чирковаға Indesit маркалы тоңазытқышты сыйға тартты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Мен сізді мейрамыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Ең бастысы денсаулығыңыз мықты болсын. Немере, шөберелеріңіздің қызығын көріңіз, балалар өміріңіздің жалғасы ғой. Сіздер ел болашағы үшін жұмыс істедіңіз, енді жастар сіздер үшін қызмет етеді», - деді Қ. Бозымбаев.
Ұлы Отан соғысына қатысқан Чирков Григоридің жұбайы Александра Чиркова 1916 жылы Алтай өңірінің Ново-Крайчиково ауылында дүниеге келген. 1975 жылы Павлодарға қоныс аударған. Қазірде қызымен тұрады. «Еңбек ардагері» медалі мен бірқатар марапаттарға ие болған. Бес баланың анасы бүгінде 10 немере, 15 шөбере сүйіп отыр. Айтуынша, жуық арада шөпшегі дүниеге келеді. Тұңғышы 75 - жаста, ал кенже баласы 61- жаста.
Фото: pavlodarnews.kz