Павлодар облысының әкімі халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевқа пәтер кілтін тапсырды

деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«Бәрімізде сіздің алдыңызда борыштармыз. Елбасының сарабдал саясатын іске асыра отырып, біздің өңірде соғыс ардагерлеріне қажетті деңгейде көңіл мен қолдау көрсетіліп, лайықты өмір сүру үшін барлық жағдайлар жасалуда. Туған өлкеңізге орала отырып, пәтер алуыңыз заңды», - деді Е. Арын.
М. Әлімбев Павлодар облысы Шарбақты ауданының Маралды ауылында 1923 жылы дүниеге келген. Соғыстан оралған соң ол Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған, «Пионер» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде жұмыс істеді, балаларға арналған «Балдырған» журналына басшылық етті.
Ол «Құрбыма», «Жауқазын», «Аспандағы әпке», «Менің Қазақстаным», «Жүрек лүпілі» және «Өшпес от» атты шығармаларымен кеңінен танымал. Ол қазақтың 200-ден астам өлеңінің авторы.