Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар облысының әкімі көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерін тапсырды

ПАВЛОДАР. 22 тамыз. ҚазАқпарат - «Қоғам әр уақытта көп балалы аналарға олардың атқаратын ең маңызды миссиясы - аналық үшін зор құрметпен қараған», - деп атап өтті Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерін тапсыра отырып.

Павлодар облысының әкімі көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерін тапсырды

Ағымдағы жылдан бастап ҚР Президентінің 24 шілдедегі Жарлығымен «Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапаттау наградалар алты немесе одан да көп балаларды тәрбиелеп отырған отанасына беріледі».

Әрбір отбасына амандық тілеген аймақ басшысы әйелдерге естелік сыйлықтар - шай сервиздерін табыс етті.

Павлодар облысында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған 7,7 мың көп балалы ана бар. Баланы күту бойынша мемлекеттік жәрдемақыны 12 мың әйел алып отыр.