Павлодар облысының әкімі: ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру - біздің міндет
ПАВЛОДАР. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше Павлодарда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауын талқылау бойынша облыстың идеологиялық активінің жиналысы өтті,
деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Президенттің жаңа Жолдауында біздің өміріміздің барлық салалары қамтылған және ортақ мақсаттарға жетуде таңдалған жол көрсетілген», - деді өңір басшысы Ерлан Арын.
Құжатта Мемлекет басшысы белгілеген бағыттар бойынша өңірде ауқымды жұмыстар атқарылатын болады.
«Біздің өңірде «Орталық Азия-Батыс Сібір» көлік-логистикалық торабын құру қажет. «Павлодар» индустриялық-логистикалық паркінің құрылысы бойынша дайындық жұмыстар жүргізілуде, арнайы экономикалық аймақты құрумен байланысты индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары әзірленетін болады», - деді облыс әкімі.
Ылғалды сақтау технологияларын қолдану арқылы алқаптарды арттыру бойынша жұмыс жалғастырылады. Назарда - азаматтардың әлеуметтік қауіпсіздігі және әл-ауқаты, ана мен баланы қорғау, көпбалалы отбасыларды қолдау, білім беруді, денсаулық сақтау мен спортты дамыту.
Актив жиналысында ҚР Президентінің бағытына іскерлік орта, ғылым және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерді қолдау білдірді.