Павлодар облысының әкімі қысқа мал азығын дайындау мәселесіне байланысты кеңес өткізді
ПАВЛОДАР. 20 маусым. ҚазАқпарат - Облыс әкімдігінде өңір басшысы Е. Арынның төрағалық етуімен кеңейтілген отырыс өтті.
Онда Павлодар облысының пайдалы жерлерінде қысқы мал азығын дайындаудың барысы жайлы облыс ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Б.С. Шарапиденов баяндады.
Осы жылы 639 мың тонна шөп, 170 мың тонна сабан мен 74 мың тонна балауса шөп дайындау жоспарлануда. Сондай-ақ 1715 мың гектар шабындық жерді шабу жұмыстарын өткізу қажет. Шөп жинауға 4958 трактор, 616 шөп машинасы, 214 комбайн мен 83 тіркемелі жатка қатыстырылмақ.
Облыс әкімі Е. Арын қалалар мен аудандардың әкімдеріне қатты, мәйекті және басқа да жемшөп түрлерін дайындау көлемі мен шабындық жердің мониторингін арттыру бойынша агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қысқы мал азығын дайындау жөніндегі іс-шараларды уақытылы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Кеңесте аталып өткендей, өңірде азық өндіру үшін жайылмасы бар суармалы жерлер жеткілікті пайдаланбауда.