Павлодар облысының әкімі Лебяжі ауданына жұмыс сапарын жасады
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев Лебяжі ауданына жұмыс сапарын жасады, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.
Баймолдин ауылында әкім мектеп жанынан бүлдіршіндерге арнап ашылған шағын орталықпен танысты. Мұнда балалар мектепке дейінгі дайындықтан өтеді, шығармашылық тұрғыдан дамиды. Қыркүйектің 1-інде өңірде осындай жаңа 80 шағын орталық ашылғанын ҚазАқпарат хабарлаған болатын. Енді облыс бойынша олардың жалпы саны 220-ға жетті.
Тақыр ауылында Бақытжан Сағынтаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің үлгісін көрсетіп, жергілікті кәсіпкер өз қаражатына жаңартқан және ауданның қарамағына берген клубта болды.
Әкім сондай-ақ Байымбет ауылында болып, ондағы тұрғындармен кездесті және олардың шағым-арыздарын тыңдады.
Б.Сағынтаев сапарының барысында Бесқарағай орман шаруашылығында, Майқарағай және Малыбай селолық округтеріне ат басын тіреді.