Павлодар облысының әкімі Лебяжі ауданындағы «Жол картасы» нысандарында болды
деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.
Аудан орталығы Аққуда Бақытжан Сағынтаев күрделі жөндеуден өткен отбасылық балалар үйінде болды. Онда жайлы да жылы үй-жайларда жеті тәрбиеленуші тәрбиешілермен бірге тұрады.
«Жол картасы» бағдарламасының қаражатына Аққу-Бесқарағай тас жолының проблемалық учаскесі, әлеуметтік нысандар және көшелер жөндеуден өткізілді. Орталық аурухананың жөндеу жұмыстарына жеті миллионнан астам теңге бөлінді.
Биылғы жылы Аққуда су құбырлары қалпына келтірілді, денешынықтыру-сауықтыру кешені салынды және жүз орындық жаңа балабақша ашылды.
Бақытжан Сағынтаев «Қазы» ауылдық тұтынушылар кооперативіне де атбасын бұрды. Бұл жерде шаруашылық қазақтың ақбас ірі қара малын өсіреді. Шаруа қожалығы асыл тұқымды мал шаруашылығы деген мәртебеге ие болды.
«Алтай» шаруа қожалығында Б.Сағынтаев қымыз құю цехының жұмысымен танысты.