Павлодар облысының әкімі мен Нобель лауреаты Ф. Кидланд № 10-шы мектептің түлектерін құттықтады

ПАВЛОДАР. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін соңғы қоңыраудың үні дарынды балаларға арналған № 10-шы мектепте де сыңғырлады.
None
None

Павлодар облысындағы үздік мектептің түлектеріне ақ жол тілеген аймақ басшысы Ерлан Арын елімізде жастардың бәсекеге қабілетті білімге қанығуларына барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Салтанатты шараның мейманы экономика саласында Нобель сыйлығының лауреаты Финн Киндланд (АҚШ) оқушыларға өмірдегі басты мақсаттарға қол жеткізу жолында сәттілік тіледі.

Бүгін облыстағы 4897 түлек үшін соңғы қоңырау соғылды. Санаулы күндерден кейін 4 мыңға жуық оқушы ҰБТ тапсырса, өзге балалар дәстүрлі емтиханға бет алады. Биылғы жылы 11-ші сыныптың 186 оқушысы «Алтын белгіге», 82-сі үздік аттестатқа үміткер.

Соңғы жаңалықтар