Павлодар облысының әкімі Павлодар ауданындағы ауыл тұрғындарымен кездесті

Б.Сағынтаев зарялықтарды қуантты - республикада 2011-2014 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасы жасалуда. Оның жүзеге асырылуына ел бюджетінен мақсатты қаржы бөлініп, ол аймақтың көптеген ауылдарын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Красноармейка ауылында облыс басшысы Агротехникалық колледжде болды. Ұстаздармен әңгіме барысында әкім қазір қажетті мамандарды дайындау мәселесін де тілге тиек етті. Мәселен, қазіргі күні Павлодар облысында мал дәрігерлеріне сұраныс бар.
Осы ауылда аймақ әкімі ауыл шаруашылығының павлодарлық ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерімен кездесіп, олар бидайдың аудандастырылған сорттарын жасау туралы айтып берді. Ауылдықтар арасында «Секе», «Ертіс», «Павлодарлық» шынайы сорттары көп сұранысқа ие болып отыр. ҒЗИ ғылыми қызметкерлері барлығы, дақылдардың өнімді сорттарының оншақты түрін шығарды.
Павлодар ауданының ауылдарына сапары барысында Б.Сағынтаев «Жол картасы» бағдарламасының орындалу қарқынымен танысып, балалар демалатын орындар, «Аңдас», «Луганск», «Жасұлан» СПК шаруа шаруашылықтарының өндіріс учаскелерінде болды. «Мечта» крестьяндық шаруашылығында аймақ басшысы ауданда сервистік-дайындау орталықтарын құруға байланысты кеңес өткізді.