Павлодар облысының әкімі Железин ауданына сапары барысында, ауылдықтардың проблемаларына қанықты

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев Железин ауданына жұмыс сапарын жасады,

Павлодар облысының әкімі Железин ауданына сапары барысында, ауылдықтардың проблемаларына қанықты

деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің ауылдық әлеуметтік нысандардың қызметі мен жағдайы қызықтырды.

Бақытжан Сағынтаев Ақтау ауылындағы Березов орта мектебін, шағын орталықты, наубайхананы аралады. Мұндағы мектеп Ұлттық бірыңғай тестілеудегі жақсы көрсеткіштерімен мақтана алады, биылғы жылғы түлектердің орташа балы - 96. Мектеп әкімшілігінің айтуынша, жаңа биология және химия кабинеттері бұл нәтижелерді жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.

Мыңкөл ауылының тұрғындары облыс басшысына бірқатар өзекті мәселелерін шешуде көмек сұрады. Ауыл мектебі сабақ оқуға мүлдем бейімделмеген, өте кішкентай ғимаратта орналасқан. Қазір мұнда 46 бала оқып жатыр, мектеп жасына дейінгі тағы 33 бүлдіршін өз кезегін күтуде. Алайда, мынадай жағдайда мектепте оларға орын табыла қоймас. Бақытжан Сағынтаев білім беру басқармасына мектепті кеңейтуге немесе жаңа мектеп салуға қажет қаражат көлемін анықтау үшін жақын арада әр оқушы үшін белгілі бір аумақты қарастыратын жаңа Құрылыс нормалары мен ережелері бойынша барлық қажетті есептеулерді жүргізуді тапсырды.

Облыс әкімі осы іссапар бағытына енетін барлық елді мекендердегі мектептерде, шағын орталықтарда, ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда, фельдшерлік пунктерде болды. Кей жерлерде ауыл тұрғындары өздеріне бөлінген ықыласқа ризашылықтарын білдіріп жатса, кей жерлерде тұрғындар өз мәселелерін шешуді көздеп жатты. Мысалы, Михайлов мектебінде дене тәрбиесі сабағы далада өтуде - спорт залы апаттық жағдайда. Б.Сағынтаев атап көрсеткендей, тез арада есептеулер жүргізіп, бұл мәселені облыстық бюджетті нақтылау кезіне шығару немесе келесі жылғы бюджетке енгізу қажет.