Павлодар облысының ауылдарында жаңа мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау нысандары ашылды

ПАВЛОДАР  ОБЛЫСЫ.  Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ -   Конституция күні  құрметіне  Павлодар облысында   19 мәдениет,   білім беру және  денсаулық сақтау  нысаны ашылды.
None
None

Үлгілі ауылында   балдырғандарға арналған  алты   шағын орталық,   клуб және  Ертіс  ауданында  балабақша ашылды.  Баянауыл  ауданының  Егіндібұлақ және  Теңдік  ауылдарында жаңа клубтар, Александровка  селосында кітапхана  жұмыс істей бастады.

Ал Лебяжі ауданының селолық  округтерінде  балабақша,    60 орындық интернат  және   отбасылық типтегі балалар үйі ашылды.     Железинка    орта мектебінің жанында    балаларды  мектепке  дайындау      шағын орталығы   іске қосылды.

Павлодар ауданының Максимовка, Жаңа қала селоларында клубтар,    Достық  ауылында  медициналық    қосын    салтанатты жағдайда ашылды.

Соңғы жаңалықтар