Павлодар облысының басшылығы ауыл кәсіпкерлерінің инвестжобаларына қолдау білдірді

ПАВЛОДАР. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Қашыр ауданында үш инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Павлодар облысының басшылығы ауыл кәсіпкерлерінің инвестжобаларына қолдау білдірді

«Изоклинер KZ» ЖШС жылу өткізбейтін панельдерді өндіру бойынша зауыт салуды ұйғарды.

«Ержан» шаруа қожалығы суарылатын алқаптарда ауылшаруашылық өнімдерін өсіреді, ал өзінің инвестициялық жобасын іске асырғаннан кейін балық шаруашылығымен айналыспақ.

«Жас Нұр» ЖШС көкөніс шаруашылығына маманданған және мал бордақылайтын алаңдарды салумен айналысады.

Жобаларды іске асыру бойынша жұмыстардың бір бөлігін ауыл кәсіпкерлері жеке қаражаттарына орындады, бірақ мемлекеттік қолдау бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиелер олардың қарқынын тездетуі мүмкін.

Облыс әкімі Ерлан Арын жуырда ауданға жасаған жұмыс сапары барысында шаруа қожалықтарының жұмысымен және олардың жоспарларымен танысты.