Павлодар облысының басшысы бюджетті толықтыру үшін қосымша көздер іздеуге шақырды
Алайда ол аймақ басшысы Болат Бақауовтың көңілінен шықпады, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, кіріс бөлігінің асыра орындалуы негізінен ай сайынғы бөлудің бірқалыпты еместігі есебінен болып отыр. Бұл қосымша түсім түсті дегенді білдірмейді.
Сондықтан Болат Бақауов бюджетті толықтыруға арналған қосымша көздер іздеуді талап етті.
«Біз нысандарымызды жекешелендіріп және сенімгерлік басқаруға тапсырған соң қандай қорларға ие болатынымызды нақтылауымыз керек,- деп атап өтті облыс әкімі. - Сондай-ақ өздеріне бөлінген телімдерді пайдаланбай отырған жер пайдаланушыларға көңіл бөлу керек. 2016 жылы 2 салық төлеуші ғана айыппұл төлеуге тартылған. Бұл жұмысты басқаларымен де жасау керек».
Аймақ басшысының айтуынша, үлкен мердігерлікке ие болған ірі мердігерлік ұйымдардың барлығы есепке тұрып, өңірде салық төлеулері керек. Бұл субмердігерлер мен жер қойнауын пайдаланушыларға да қатысты.
Болат Бақауов сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдары ауылдық округ аумағында тіркелген кәсіпкерлерден жеке табыс салығы бойынша, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, жер салығы және көлікке салынатын салық бойынша трансферттер алатындарын естеріне салып өтті. Сыртқы жарнамаға төленетін ақы, жалға беруден түсетін кіріс және ауылдық округ әкімдері салатын әкімшілік айыппұлдар тағы бар.
Облыс әкімі салықтар сапалы және уақтылы жиналса, бұл қаражаттың ауылды дамытуға жететін болуы тиіс екенін айтты.