13:15, 15 Шілде 2022 | GMT +5
Павлодар облысының білім басқармасының басшысы тағайындалды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы әкімінің өкімімен Айтқазина Самал Оспанқызы білім беру басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайлы ҚазАқпарат.
Самал Айтқазина еңбек жолын 1997 жылы Павлодар облысы Май ауданының Май орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.
2011-2018 жылдары Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебі мен дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 мектеп-лицейдің директоры болып жұмыс істеді.
2018 жылдың қараша айынан қазіргі кезге дейін Павлодар қаласының білім беру бөлімінің басшысы лауазымында еңбек етті.