Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына жаңа бастық тағайындалды

ПАВЛОДАР. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Саин Каменов Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына бастық болып тағайындалды, деп хабарлады аймақ әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

С.Каменов 59 жаста, 1973 жылы Павлодар индустриялық университетін өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітірген.

С.Каменов жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары, құрылыс департаментінің директоры болып қызмет еткен.

Соңғы жаңалықтар