Павлодар облысының энергетиктері кәсіби мерекелерін қызметтік жетістіктерімен атап өтуде

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше Екібастұзда  Энергетик күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті.

Павлодар облысының энергетиктері кәсіби мерекелерін қызметтік жетістіктерімен атап өтуде

Сала қызметкерлерін Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын құттықтап, оларды марапаттады, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.

 Аймақ басшысы электр стансаларында «Үдемелі индустриялық-иноовациялық дамыту» бағдарламасы бойынша жобалардың табысты іске асырылып отырғанын, алдыңғы қатарлы энергиялық тиімді және сақтау технологияларының енгізіліп отырғанын атап өтті.

 Стансалардың қуаттылығы өсірілуде - 2016 жылға қарай ЕМАЭС-1 барлық сегіз блокты жұмысқа енгізіп, жобалық қуаттылықта шығуды жоспарлауда. ЕМАЭС-2-де үшінші блоктың құрылысы басталды. Павлодардағы үш және Екібастұздағы ЖЭС-ғы жабдықтар жаңғыртылу үстінде.

 Көп жылғы адал еңбегі үшін Ерлан Арын энергиялық кәсіпорындардың басшыларын, саланың үздік қызметкерлері мен ардагерлерін «Облыс алдындағы еңбегі үшін» белгілерімен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.