Павлодар облысының инспекторлары ғимараттарда өрт қауіпсіздігі бұзылуының 13 мыңнан астам фактісін анықтады
деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы Ақан Садықов облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев өткізген жұмыс кеңесінде.
Көптеген ғимараттарда автоматтық дабыл жоқ, 1 316 гидранттың 259-ы жұмыс істемей тұр. Қаржыландырудың жетімсіздігі осынау заңбұзушылықтарға себеп болып отыр. Әсіресе, ағаштан және саманнан салынған ауыл мектептері ерекше осал. Аймақтың білім ошақтарын өртке қарсы құралдармен қамтамасыз етуге 340 миллион теңге қажет.
Облыс әкімі мектептердің, ауруханалардың, мәдениет үйлері мен қоғамдық ғимараттардың өртке қарсы қауіпсіздік жағдайын айрықша бақылауға алуды міндеттеді. Қаржы басқармасына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті шығысты есептеу ұсынылды - ақша бөлінеді, деп мәлім етті облыс әкімі өз сөзінде.