Павлодар облысының қалалары мен ауылдарында да жолдар жөнделеді

ПАВЛОДАР. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында биылғы жылы қала жолдарымен бірге ауылдық жолдар да жөнделетін болады, деп мәлім етті

Павлодар  облысының    қалалары мен    ауылдарында да  жолдар  жөнделеді
ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Күтербеков. Республикалық ақпараттық-насихаттау тобының Павлодардағы №1 автопарктің жұмысшылармен болған кездесуінде сөз сөйлеген вице-министр, «біз ой-шұқырларды бітеумен, орташа жөндеу жұмыстарымен шектеліп қалмауымыз керек», - деген пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Жол картасын» жүзеге асыру аясында Павлодар-Омбы, Павлодар-Семей тас жолдары учаскелерін қайта жаңартуға және күрделі жөндеуге қомақты қаражат бөлінді. Ақсу, Екібастұз, Павлодарға апаратын жолдар жөнделеді, облыс орталығының негізгі магистралі саналатын Кутузов атындағы көшені қайта жаңартуға 119 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Аудан орталықтарында да көшелер жаңартылады, ал ауылдық жолдарды жөндеуге 460 миллион теңге бөлінді. Д.Күтербеков тас жолдарды жөндеу және жаңарту жұмыстарына жұмыссыз қалғандар тартылатынын айтып өтті. Жол жөндеу жұмыстарының сапасы қатаң бақылауға алынбақ.