08:36, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Павлодар облысының қалалары мен ауылдарында «Саламатсыз ба, мен сіздің сақшыңызбын!» акциясы басталды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Сәуір айына дейін созылатын «Саламатсыз ба, мен сіздің сақшыңызбын!» акциясы Павлодар облысының қалалары мен ауылдарында құқықбұзушылықтар мен тәртіпсіздіктердің алдын алуға көмектесетін болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.Шараның мақсаты - әр тұрғынның өз учаскесіндегі сақшыны біліп, қажет бола қалған жағдайда хабарласа алатындай болуы. Осы орайда полицияның учаскелік инспекторлары үйме-үй аралап, тұрғындарға өздерін таныстырады.Инспекторлар тұрмыстағы құқықбұзушылықтарды, ұсақ бұзақылықтарды, қоғамдық орындарда мас болып жүру фактілерін анықтауға және алдағы уақытта ондай оқиғаларға жол бермеуге ерекше назар аударатын болады.Тәртіп бұзған азаматтармен инспекторлар жеке профилактикалық жұмыстар жүргізеді.