Павлодар облысының Қашыр ауданында жас мамандарға пәтер берілуде

ПАВЛОДАР  ОБЛЫСЫ.    Тамыздың  7-сі.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -   Семей медициналық  академиясын тәмамдаған және     Павдодар облысы  Қашыр  ауданының Тереңкөл ауылына  жұмысқа келген    төрт  дәрігер        жылы  да, жайлы  пәтерлер  алды.

Павлодар облысының   Қашыр  ауданында жас  мамандарға    пәтер берілуде

Ауылдағы күрделі  жөндеу  жұмыстары жүргізілген  екіқабатты     тұрғын үйден   жоғары  оқу орындарының түлектеріне  сегіз пәтер  бөлініп  отыр.   Әр маман  баспанамен қоса,  500 мың теңгеден демеуқаржы    алады.

Облыс әкімінің  орынбасары Рысты Жұмабекова     атап көрсеткендей,  аудан  басшылығы  жұмысқа шақырылған дәрігерлерге,   мұғалімдерге  және  әлеуметтік сала қызметкерлеріне жақсы жағдай  жасап отыр.  Ауылдық жерлердегі кадр   мәселесін   тек  осылай   ғана шешуге  болады -  қашырлықтардан    облыстың басқа  да аудандары үлгі алуы  керек,  дейді   Р.Жұмабекова.