Павлодар облысының кеденшілері ірі көлемде есірткіні тәркіледі
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Тамыздың 8-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысының Орлытөбе бекетінде кеденшілер 35 киләдан астам есірткінің ауыр түрін анықтап, тәркіледі.
Тараздан Омбыға бет алған «Опель-Вектра» автомашинасының жаңа құжаттары күдік туғызды.
Қызметтік ит машинаның жүк салатын қорабының қоса қабаттап жасырылған түбінен қауіпті затты тауып алды. Шекара сақшылары металл жабынды сындырып, 38 орамға салынған апиын мен героинды анықтады. Ресейде оның құны 325 мың долларға бағаланады.
Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Есірткі тасымалдаушы 15 жылдан өмір бойына дейін түрмеге қамалуы мүмкін.