10:39, 07 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Павлодар облысының кітапханасы Ж.Молдағалиевтың «Мен қазақпын» кітабының электронды түрін жарыққа шығарды
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - С.Торайғыров атындағы Павлодар обыстық кітапханасы «Бір ел - бір кітап-2010» шарасының аясында «Жұбан Молдағалиев. Мен қазақпын. Я казах» атты туындының қазақ және орыс тілдеріндегі электронды нұсқасын жарыққа шығарды.
Лазерлі дискіде бірнеше бөлім жазылған, атап айтқанда, «Бір ел-бір кітап» акциясының тарихы туралы ақпарат, белгілі, қазақ ақынының өмірбаяны, Ж.Молдағалиев туындыларының интерактивті көрмесі туралы жазылған бөлімдері бар.
«Мен қазақпын» атты электронды туындының тұсаукесері ертең, қыркүйектің 8-і күні облыстық кітапханада болады.