Павлодар облысының құрылысшылары кәсіби мерекелерін атап өтті
ПАВЛОДАР. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Құрылысшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында Павлодарда бұл саланың үздік өкілдерінің құрметіне салтанаттар өтті.
«Құрылысшы - бұл жай ғана кәсіп емес, бұл ықылас, талант, тағдыр. Өмірімізде көбі құрылыстан басталады. Егер іргетас берік болса - өмір тыныш әрі негізді болады. Сіздер, құрылысшылар, өздеріңізден кейін жерде ең байқалар із қалдырасыздар», - деп атап өтті Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын аймақта зауыттар, тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар салғандарға арнаған сөзінде.
Көпжылғы еңбегі мен индустрияға қосқан үлесі үшін облыстың үздік құрылысшыларына аймақ басшысы және Павлодар әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары тапсырылды.
Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиналыс мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.