07:46, 04 Мамыр 2010 | GMT +5
Павлодар облысының оқу мекемелерінің үздік жас автомеханигі анықталды
ПАВЛОДАР. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Инновациялық Еуразиялық университет колледжінің оқушысы Иван Опарин Павлодар облысының оқу мекемелерінің үздік жас автомеханигі болып танылды, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.
Иван аймақтың 17 оқу мекемесінің болашақ «автошеберлері» жарысқан облыстық кәсіби шеберлік конкурсының бас жүлдесін иеленді. Ол кәсіптік есептерді шешуде және тест тапсырмаларын орындауда үздік біліктілік көрсетті, автокөлік ақауын тез тауып, жөндеді, өзінің авторлық моделін таныстырды.
Иван Опарин Павлодар облысының атынан Алматыда өтетін республикалық конкурсқа қатысатын болды.