Павлодар облысының полицейлері «Қылмыссыз демалыс күндері» атты алдын алу шарасын өткізді

ПАВЛОДАР. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 10-12 тамыз аралығында азаматтарға еңбек аптасынан кейін тыныш демалысты қамтамасыз ету мақсатында «Қылмыссыз демалыс күндері» атты алдын алу шарасы өткізілді, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Павлодар облысының полицейлері «Қылмыссыз демалыс күндері» атты алдын алу шарасын өткізді

Үш күнде тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұзудың 763 фактісін анықтады - 60 жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізді, 120-сы белгіленген жылдамдықты асырды, 27-сі көлікті жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлескен. Жол ережелерін бұзған 17 жаяу жүргінші анықталды.

Ұрлықпен және есірткімен байланысты қылмыстар анықталып, ашылды.

Әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде полицейлер мазасызданып, жан-жағына жалтақтап қарап жүрген қолында пакеті бар жігітті байқады. Оны тоқтатып тексеру барысында пакетінен сұр-жасыл түсті зат салынған орама мен марихуананы қолдануға арналған құрал анықталды. Ұсталған азамат Павлодардың 26 жастағы тұрғыны болып шықты, тергеу алдындағы тексеріс жүргізілуде.

Сол күні тәртіп сақшыларына 20 минут бұрын бір жас адамның павлодарлық тұрғынды қорқытып, оның «Нокия» ұялы телефонын алып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Сол маңайды тексеру барысында полицейлер қаланың 24 жасар тұрғынын ұстады, оның қалтасынан кейіннен жәбірленуші таныған ұялы телефон табылды. Қарақшылық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу амалдары жүргізілуде.