Павлодар облысының прокуратурасы Жол картасы бойынша өткізілген тендерлер мен мемлекеттік тапсырысты орындауда тәртіп бұзушылықтарды анықтады

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Прокуратура Успен ауданындағы сегіз жалпы білім беру мектебінің қызметінде «Жол картасы» бағдарламасы бойынша өткізілген мемлекеттік тапсырыс пен қол қойылған келісімдерді орындауда көптеген тәртіп бұзушылықтарды анықтады,
None
None

деп хабарлады Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Константиновка және Тобылжан мектептерінде жұмыстар әлі аяқталмаған, жұмысты қабылдап алу жөніндегі актіге қол қойылмаған, алайда тапсырыс берушілер әлдеқашан ақшаның барлығын аударған.

Павлов мектебінің жылу жүйесін жөндеу мен күрделі жөндеуден өткізу барысында жалған жұмыс орындарының құрылғандығы туралы факті анықталды.

Успен ауданының әкімі мен Павлодар облысы мемлекеттік қызмет істер жөніндегі басқармаға заңдылықты бұзғандығы туралы таныстыру құжаттары жіберілді. Тексеру нәтижелері бойынша, жемқорлық жасағаны үшін бес қызметтік тұлға тиісті жауапкершілікке тартылды.

Қаржы полициясының органы Лозов мектебінің директоры мен тапсырысты орындаушы «Құрылыс-ЗАСТ» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар