Павлодар облысының прокуроры отставкаға рапорт берді

ПАВЛОДАР.  Қазанның 31-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының прокуроры Нұрмахан Исаев    қызметінен  босату  туралы     өтінішпен    Бас прокурордың атына  рапорт   берді.
None
None

Жұма күні  журналистерге берген брифингте Н.Исаев,   өтінішті  «Прокуратура қызметкерлерінің     ар-ожданы кодексін  басшылыққа ала  отырып  және   моральдық-этикалық  тұрғыдан»  жазғанын   мәлім етті. 

Оның  қарамағындағы   Ертіс ауданының прокуроры   қазанның 26-сында   3 мың  доллар  пара алу  үстінде ұсталған   болатын.    Келесі күні   прокуратура         Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  Павлодар облысы  бойынша    тергеушілерінің   ҚР Қылмыстық кодекс  бойынша  311-ші бабы  негізінде    қылмыстық іс қозғауларының   негізділігін тексерді.

«Ондай фактінің  орын  алғанына көз жеткіздім  және    мен   облыс  прокуроры     қызметін  атқаруға моральдық   құқығым   жоқ деген шешімге келдім.  Ертіс ауданы прокурорының  кінәлі-кінәлі еместігін   сот шешеді»,  деді Н.Исаев.

Соңғы жаңалықтар