Павлодар облысының Шарбақты ауданына жаңа әкім тағайындалды

ПАВЛОДАР. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынның өкімімен аудандық мәслихаттың келісімі бойынша Шарбақты ауданының әкімі қызметіне Ерғали Уахитұлы Асқаров тағайындалды, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.
None
None

Е. У. Асқаров 1956 жылы дүниеге келген. 1985 жылы агроном-топырақ зерттеуші мамандығы бойынша Шағлы ауыл шаруашылығы техникумын, 1977 жылы Петропавл педагогикалық институтын, 1994 жылы экономист-менеджер мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік техникалық университетін тәмамдады.

Өзінің  еңбек қызметін 1977 жылы Солтүстік-Қазақстан облысында орта мектептің мұғалімі қызметінен бастады. 1980-1989 жылдары аралығында Солтүстік-Қазақстан облысында комсомол-партия органдарында қызмет етті.

1989-1992 жылдары аралығында Павлодар қаласы Индустриалды аудандық әкімшіліктің жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 1993-2000 жылдары аралығында комитет төрағасы, Павлодар қаласы экономика басқармасының бастығы. 2000-2001 жылдары аралағында Павлодар қаласы коммуналдық меншік басқармасының бастығы. 2002-2005 жылдары Павлодар облысы табиғат қорғау бағдарламалары департаменті бастығының орынбасары, бастығы қызметін атқарды.

2005-2011 жылдары облыс әкімнің бас инспекторы, облыс кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары, 2011 жылдың мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін Павлодар ауданы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар