Павлодар облысының туризмін дамыту үшін 2015-2020 жылдарға арналған жоспар бекітілді

Бірінші мәселе бойынша облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ернұр Айткенов баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, биылғы жылы болжанған егістік алаңы 1 169,8 мың гектарды құрамақ. Дәнді дақылдар - 683,3 мың га, майлы дақылдар - 164,1 мың га, жемшөп дақылдары - 298,2 мың га, картоп - 16,6 мың га, көкөністер - 6,3 мың га, бақша дақылдары - 1,7 мың га жерге егілмек.
Ағымдағы жылы өңірдің ауыл шаруашылығы саласын кредиттеуге «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ құрылымдық бөлімшелері 1,16 млрд. теңгеге жеңілдіктер қарастырған. Өсімдік шаруашылығын қолдауға 2578,4 млн. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3%-ға артық сома.
Сонымен қатар отандық өндірістің минералды тыңайтқыштары мен гербицидтерінің құнын 50 пайызға дейін және шетелдік өндірістің минералды тыңайтқыштары мен гербицидтерінің құнын 30 пайызға дейін қаржылау арқылы жеңілдіктер беріледі.
Облыста 59,5 мың га суармалы жерлер бар, оның ішінде 33,6 мың га немесе 56% қолданыста. Биыл өңір бойынша 5500 га аса суармалы жерлерді (Алтынды ПВ - 1700 га, Андас - 1800 га, Заря - 1700 га, Галицкое - 258 га) іске қосу жоспарланған. 10,0 мың га суармалы жерлерді қалпына келтіру және салу бойынша ҚР Су ресурстарын басқару комитетімен бірлесіп, «Павлодар суармалы жүйесінің» техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр.
Биылғы көктемгі-дала жұмыстарына 15 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. Өңірдің Ақтоғай мен Лебяжі аудандарында жанар-жағар майды тасып алу көрсеткіші төмен. Басқа аудандар жанар-жағар майды уақытында тасымалдап алған.
Дала жұмыстарына машина-трактор паркінің дайындығы 93 пайызды құрайды. Облыс ауылшаруашылық тауар өндірушілері техниканы жаңарту жұмыстарын жалғастыруда. Жыл басынан бері 247,4 млн. теңге сомаға техниканың 20 бірлігі сатып алынды.
Диқандар мен фермерлердің тұқыммен қамтамасыз ету жұмысы өз деңгейінде атқарылуда. Железин ауданы қажетті тұқымды әзірлеу жұмысын аяқтап қалған. Облыс бойынша дәнді дақылдар мен дәнді-бұршақ тұқымдас дақылдардың тұқымымен қамтамасыз ету 129%, майлы дақылдар - 79%, картоп - 110%, жемшөп - 51,3% құрап отыр.
Қазгидрометтің деректері бойынша, биыл жерге сіңген ылғал көлемі нормаға сай. Өңірдің Железин, Ертіс және Успен аудандарында егіс алқабындағы ылғал мол. Бұл өз кезегінде мол өнім алуға мүмкіндік бермек.
Биылғы жылы ылғал сақтау технологиялары қолданылған егіс алқаптары 360,0 мың гектар болмақ.
Бірінші мәселені қорытындысы бойынша келесі тапсырмалар берілді: қалалар мен аудандар әкімдері ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесе отырып, егістік алқаптарды әртараптандыру туралы меморандумды орындауды қамтамасыз ету; көктемгі-егістік жұмыстарды өткізуге ауыл шаруашылығы техникасын дайындау толық аяқтау, «Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ұсынған дақылдарды егудің оңтайлы мерзімінде көктемгі-егістік жұмыстарын ұйымдасқан түрде өткізу шараларын қабылдау, бекітілген кестеге сәйкес арзандатылған жанар-жағармайды уақытында іріктеуді қамтамасыз ету.
Сонымен қатар кеңейтілген мәжілісте Павлодар облысының туристік кластерін жасау мен дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған мастер-жоспары бекітуге ұсынылды.
2014 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметімен Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданған болатын. Осы Тұжырымдамамен туризмді дамытудың өңірлік мастер-жоспарларын қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді песпективаға әзірлеу қажеттілігі белгіленді.
Павлодар облысының туризмін кластерлік дамыту мастер-жоспарын әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 16 млн.теңге қаражат бөлінді.
Аталмыш мастер-жоспар 7 бөлімнен тұрады: туристік кластердегі ағымдағы жағдайды талдау, туристік кластердің перспективті сегменттерінің дамуын бағалау, Павлодар облысының туристік кластерін дамыту жоспары, туристік кластерді қалыптастыру мен оны ілгерілетудің кезеңдік тетігі, Павлодар облысы туристік кластерінің мастер-жоспарын іске асыру жөніндегі әдіснамалық ұсынымдар.
Қазақстандық туристік қауымдастығы мастер-жоспарда Павлодар облысында туризм дамытудың басымдық бағыттарын бөліп көрсетті. Олар: 1) «Қаз қонақ». Бұл бағытта «Қаз қонақты» қоршау, айырым белгілерін және қалқандарын үш тілде орнату, ертедегі жануарлардың макеттерімен сквер құру, ҚР Үкіметінің алдында «Қаз қонақ» табиғи тарихи дала мұражайының құрылысын бастау және оның шығыстарын республикалық бюджетке енгізу туралы мәселе қою жұмыстары. 2) Баянауыл МҰТП. Баянауыл туристік аймағы «Астана кластеріне» кіреді. Баянауыл бағыты бойынша танымдық туризм (ботаникалық, орнитологиялық, археологиялық, этнографиялық және өзге ғылыми-танымал турлар), рекрациондық туризм (жағажайлық, су-спорттық), емдеу-сауықтыру туризмі, экологиялық туризм, этнотуризм тұрғысынан туристік қызығушылықтың анағұрлым маңызды объектісі ретінде қарастырылады. 3) Емдеу-сауықтыру туризмі. Бұл бағытта Шарбақты ауданы, Маралды, Лебяжі ауданы Тұзқала және Қызылтұз тұзды көлдерінің әлеуетін зерттеу жұмыстары қолға алынады. 4) Өзен саяхаты. Бұл бағытта Ертіс өзені арқылы серуен ұйымдастыру жоспарланған. ҚТҚ сарапшылары кеме қатынасын жаңғырту, «жүзіп жүретін аралдарды» және 240 жолаушыға арналған жолаушылар кемесін сатып алу ұсынылды. Сондай-ақ, ҚТҚ сарапшыларымен Ертіс өзені бойынша 6 күндік криуз әзірленген. 5) Баянауыл ауданындағы этнотуризм. Қауымдастықтың сараптау тобымен қонақ үйлерін салу қажеттілігін белгіледі, себебі жергілікті тұрғындар қызығушылық танытқан және туристерге тамақтандыру және орналастыру қызметтерін көрсетуге дайын.
Павлодар облысында туримзді дамыту жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Туристік кластердің барлық элементтерінің тиімді жұмысы облыс бюджетін толтыруға, айналымға қосымша капиталдарды тартуды жетілдіруге көмек береді. Сонымен қатар, кластердің іске асуы мәдени-тарихи ескерткіштерді, қорықтарды сақтауға, экологиялық жағдайды сауықтыруға, қызметтер саласын дамытуға, облыс инфрақұрылымын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Кеңейтілген мәжілісте аталған мастер-жоспар бекітілді.
Мәжіліс жұмысын қорытындылай келе облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғанов қала мен аудан әкімдеріне және ТЖ департаменті басшысына көктемгі су тасқынына дайын болу, барлық қажетті іс-шараларды ұйымдастыру мәселесін қаперінде ұстауды тапсырды.