Павлодар облысының жаңа әкімі тағайындалды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысы активінің жиналысында ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімов аймаққа бұрын Жамбыл облысын басқарған облыстың жаңа әкімі Қанат Бозымбаевты таныстырды.

Павлодар облысының жаңа әкімі тағайындалды

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда туған. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау» факультетін бітірген. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.

1993 ж. шілде -1997 ж. қыркүйек аралығында мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпорындарда қызмет атқарған.

1997 ж. қыркүйек - 1997 ж. қараша аралығында - ҚР Экономика және сауда министрлігінің өңірлік саясат бөлімінің бастығы.

1997 ж. қараша - 1998 ж. қыркүйек аралығында «КазТрансОйл» ЖАҚ Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясының қаржылық-жиынтық департаментінің бастығы, экономика мәселелері жөніндегі вице-президент.

1998 ж. қыркүйек - 2001 ж. ақпан айларында ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, мұнай және газ департаментінің директоры, вице-министр.

2001 ж. ақпан - 2001 ж. мамыр аралығында - «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» ААҚ бірінші вице-президент.

2001 ж. мамыр - 2007 ж. тамыз - «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ президенті.

2007 ж. тамыз - 2008 ж. қазан - «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.

2008 ж. қазанда - «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ президенті.

2009ж.30 қарашасынан бастап осы кезге дейін Жамбыл облысының әкімі болды.