Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар облысының жоғары оқу орындарында 21,7 мың студент білім алып жүр

ПАВЛОДАР. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының төрт жоғары оқу орнында 21755 студент білім алып жүр, деп хабарлайды статистика департаментінің баспасөз қызметі.

Павлодар облысының жоғары оқу орындарында 21,7 мың студент білім алып жүр

Олардың ішінде екі оқу орны мемлекеттік деп саналады, бұл білім ордаларында 14 375 студент білім алуда, олар өңір студенттерінің 66 пайызын құрайды.

Күндізгі бөлімде жастардың 46,4 пайызы, сырттай білім алу бөлімінде 44,5 пайызы, кешкі сабақтарға студенттердің 9,1 пайызы қатысады.

15 858 адам ақша төлеп оқуда, ал 5 789 студент мемлекеттік грант арқылы білім алуда, мемлекеттік тапсырыс бойынша 108 болашақ маман даярлануда. 5430 адам мемлекеттік тілде оқиды.