Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар өңірінде осы маусымда 50-ден астам браконьер қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар өңірінде осы маусымда 50-ден астам браконьер қолға түсті. Оларға 400 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлады «Хабар» арнасы.

Павлодар өңірінде осы маусымда 50-ден астам браконьер қолға түсті

Ертіс өзенінде балықтардың уылдырық шашу кезеңі басталды. Бұл уақытта судан балық аулауға болмайды. Мамандардың айтуынша, заңсыз балық аулаушылар құрамында түрлі химиялық қосындысы бар Қытайда шығарылатын арзан ауларды қолданады. Бұл балықтардың қырылуына себеп болады. Айта кетейік, Ертіс өзенінің Павлодар облысы аумағында балықтың 12-ден астам түрі кездеседі.