Павлодар өңірінің жеті жүз археология, сәулет және монументальды ескерткіштері жаңа кітапқа арқау болды

ПАВЛОДАР. 14 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда «Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетінің ескерткіштері. Павлодар облысы» атты кітаптың таныстырылымы өтті.

 Павлодар өңірінің  жеті жүз    археология,  сәулет  және   монументальды ескерткіштері жаңа кітапқа арқау болды

Облыстың бір топ ғалымдары әзірлеген және 3 мың данамен басып шығарылған бұл туындыда Павлодардың Ертіс жағалауында орналасқан жеті жүз археология, сәулет және монументальды ескерткіш жүйеленіп беріліп отыр.

«Тарихи ескерткіштерді жүйелеу міндеті баяғыда туындаған болатын. Тек «Мәдени мұра» республиканың бағдарламасының арқасында ғана осы жұмысқа мүмкіндік туды», - дейді Павлодар археологиялық экспедицияның жетекшісі Виктор Мерц.

Кітапта ескерткіштердің фотосуреттері мен суреттемелері берілген. Тарих пен мәдениет үшін маңызы зор ол ескерткіштердің көбісі қиын жағдайда тұр. Ғалымдар ежелгі жануарлар мен құстардың сүйектері жиналған, бүгінде су шайып бара жатқан Павлодардағы Құс жолы қорығының проблемасына тағы да назар аударды.

Археологтар экспедициясы жыл сайын жаз айларында жорыққа шығып, жаңа ескерткіштерді тауып жатады, бұл «Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы» әлі де толыға береді деген сөз.