Павлодар педагогикалық институтының археологтары ертеде жерленген көшпелінің қабірін тапты

ПАВЛОДАР. 10 қазан. ҚазАқпарат - Орта ғасырдағы көшпелі адамның қабірін Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің археологиялық экспедициясына қатысушылар тапты, деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметінен.
None
None

Облыс орталығының маңындағы Кенжекөл ауылының обаларының бірінде көшпелі заманда өмір сүрген ересек адам мен оның аты жерленген екен. Табылған заттардың арасындағы ерекше зат - ағаштан жасалған ер-тоқым (әсілінде ағаш заттар топырақта сақталмайды).

«Осы факт арқылы біздің заманымыздың 10-12 ғасырларында Ертіс маңында өмір сүрген (ол кезде өңір Қимақ қағанатының мәдени-саяси орталығы болған) әскери көшпенді мен оның тұлпарының әбзелдерін толығымен қалпына келтіруге болады», - деп атап өтті ПМПИ археологиялық-этнологиялық зерттеулер орталығының директоры Тимур Смағұлов. Сонымен бірге, ағаш ыдыс, тері белбеудің қола және күміс әшекейлері, тоздан жасалған қорамсақтың қалдықтары мен садақтың ұштары табылды. Экспедицияда жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушыларымен бірге Павлодар Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары да жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар