Павлодар педагогикалық институтының студенті Полина Тышова - оқ ату бойынша Қазақстанның күміс жүлдегері

ПАВЛОДАР. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодар педагогикалық институтының студенті, халықаралық санаттағы спорт шебері Полина Тышова екінші рет ҚР оқ ату спорты федерациясы президенті кубогының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.

Павлодар педагогикалық институтының студенті Полина Тышова - оқ ату бойынша Қазақстанның күміс жүлдегері

Алматыда 11 желтоқсанда аяқталған сайыстарға жылдық рейтинг бойынша іріктелген он үздік спортшы қатысты.

Полина Тышова пневматикалық қарудан ату бойынша Азия чемпионатына өтіп, Қазақстанның үздік спортшыларының үштігіне кіретінін дәлелдеді. Қазір ол 12 желтоқсан күні Азия мергендерінің чемпионаты басталған Қытай елінде сайысуда.