Павлодар педагогикалық колледжі 80 жылдығын атап өтті
Павлодарлық колледж осы уақыттың ішінде 20 мыңға жуық мұғалім дайындап шығарды. Оқу орнының мерейтойына ауыл балаларын оқытып, тәрбиелеп келе жатқан, ғалым, басшы, әдебиетші атанған түлектердің бірнеше буыны жиналды.
Қалалық Мәдениет сарайында өткен мерекелік кеште ардагерлерге құрмет көрсетілді, алдағы уақытта жоспарлар нақтыланды. «Педагогикалық училищенің директоры Бейсен Ахметовтің тұлғасы менің жүрегімде мәңгі сақталады. Ол кісі дана тәлімгер, сауатты педагог, өз ісіне адал қызмет еткен үлгілі азамат болатын», деп еске алады педагог, білім саласы қызметкерлері кәсіподағы облыстық кеңесінің жетекшісі Ндежда Никитина.
«Біз колледжде жаңа бөлімдер ашып жатырмыз. Ауыл мектептеріне тіл мамандары, компьютер технологиясы бойынша мамандар керек. Жаңа технологиялар мен бағдарламаларды пайдаланып, уақыт талабына сай заманауи мұғалімдерді әзірлеудеміз», дейді колледж директоры Қайныш Жұмадірова.